Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақын Үміт Битенованың жаңа кітабы оқырманға жол тартты

0 177

Былтыр Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы Үміт Битенованың «Балабақшадан басталған» атты мемуар кітабы «көркем әдебиет» саласы бойынша интернет-ресурс пайдаланушы оқырмандардың ең жоғары бағасына ие болған еді.

Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару тәртібінің үдесіне лайық болған осы кітап қоғамдық маңызы бар әдебиет ретінде әдебиеттің көркемдік құндылығының болуы, сондай-ақ басып шығарудың өзектілігі, орындылығы тұрғысынан барынша зерделейтін Сараптама комиссиясының қарауынан өтіп, Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысын алыпты. Енді міне, жақында аталмыш мемуар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасының «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша баспадан жарық көрді.
Автордың бұл «Балабақшадан басталған» атты жиырма баспа табақтан тұратын көлемді шығармасы – кеңестік кезеңнің өткен дәуірдегі 60-80 жылдарын қамтитын, ауыл қызының ауыр тағдыры туралы үш бөлімді деректі-хронологиялық мемуар.
Стилінде сөйлеп тұрған детальдары бар, әдемі бір иірімдері, аздап көркемдік бояу жағылып, реңк берілген автобиографиялық кітапқа алғысөз ретінде филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақтың рецензиясы енгізілген. Қою-қою оқиғалар кездесетін, қызықты жайттар көрініс тапқан шығарманың жазылуы қарапайым, тілі жалықтырмайды.
Өз оқырмандарына лайықтап жазылған, Алматыдан үш мың данамен шығып, енді республиканың түкпір-түкпіріне қолжетімділікке ие болған қызықты кітап ауыл тақырыбын сүйіп оқитын жалпы қауымға арналған.
Біз жерлесіміз ақын Үміт Битенованы осы жетістігімен қуана құттықтаймыз!

Редакциядан

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.