Қалалық қоғамдық-саяси газет

Зияткерлер сынға түсті

0 241

Дулати университетінде 25 қазан – Республика күніне орай «Ұлттық рухтың қайнары – Егемен Қазақстан» атты облыстық зияткерлік байқауы өтті.

Іс – шараға «Ұстаз» институты құрамындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұжымы, студенттер, магистранттар және өңірдің арнаулы оқу орындары қатысты.

Ұйымдастырушылар Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет ретінде саяси-құқықтық негіздерін айшықтауды,  ұлт тілінің мәдениетін дамыту мен ұлттық бірегейлікті нығайтуды және мем­лекеттіліктің қағидаларын студент бойына сіңіруді мақсат етті.  Облыстық сайысқа «Ұстаз» институтының директоры Орынқыз Көпбосынқызы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., Тұрсынай Рыстайқызы және «Саналы Talks» жобасының жетекшісі Серікбол Берікқожа қатысып, лебіздерін білдірді.

Зияткерлік сайыс 2 кезеңнен құралған. Қатысушылар алдымен бір деңгейлі сұрақтарға жауап беріп бақ сынап тарих, әдебиет, мәдениет және спорт бағытындағы сұрақтарға жауап берді.  Үздік нәтиже көрсеткен алғашқы 6 қатысушы финалдық кезеңге өтті.

Финалдық кезеңде экранда 5 бағыт бойынша деңгейлік ұяшықтар берілді. «Тәуелсіздік тұғыры», «Салт – дәстүр», «Тарих қойнауында», «Жаңа Қазақстан», «Естімеген ел де көп…» деген бағыттарда қатысушар ой – көкпарына түсті.

Зияткерлік сайысқа:

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінен Алимкулов Арсултан, Ешмаханова Назгүл;

Халықаралық Тараз инновациялық институтынан Орынбасар Мағжан, Кучерова Назерке;

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінен Тоқберген Азамат, Бақберді Асланбек;

Жамбыл жоғары медициналық колледжінен Қойшыбай Ұлдана, Құдиярбек Әсем;

«Тараз-Болашақ» жоғарғы медициналық колледжінен Нышанбай Ерасыл, Манат Азамат қатысты.

Нәтижесінде Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Азамат Тоқберген І орын,  Дулати университетінің студенті Арсұлтан Алимқұлов және Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенті Назерке Кучерова ІІ орын, «Тараз-Болашақ» жоғарғы медициналық колледжінің студенті Азамат Манат, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенті Ұлдана Қойшыбай және Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Асланбек Бақберді жүлделі ІІІ орын иеленді.

Тартысты доданың жеңімпаздары жүлделі дипломдармен және арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

 Көркемжан ҚАНАТҚЫЗЫ,

Дулати университеті, Педагогика ғылымдарының магистрі.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.