Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Тәуелсіздік – тірегім» атты салтанатты жиын өтті

0 201

Ата-бабамыздың асыл арманы мен ұлы мұраты болған Тәуелсіздік таңының арайлы шапағатын көзбен көріп, жүрекпен сезініп жүргенімізге биыл 30 жыл толып отыр. Қазақстан халқы үшін бұл үлкен қуаныш, әрі теңдесі жоқ тарихи кезең.

Тәуелсіздік – біздің бас ұранымыз, көгілдір Туымыз – біздің болашақ бағымыз, нұрлы таңымыз. Бүгін ел Егемендігі ұлықталатын күн.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудан әкімі Ерболат Садырқұлов және ардагерлер кеңесі, бөлім басшылары, сондай-ақ аудан тұрғындары мен жастары көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ халқының жанашыры, Түркістан Республикасы Халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы, Түрксіб құрылысының негізін салушылардың бірі Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне сгүл шоқтарын қойып, аудандық мәдениет үйінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібектің және аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың қатысуымен “Тәуелсіздік – тірегім!” атты салтанатты жиынға ұласты.

Салтанатты жиында еңбегімен еленіп, ауданның экономикалық-әлеуметтік, рухани өркендеуіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға облыс әкімінің орынбасары Дәулет Жамаубайұлы, аудвн басшысы Ерболат Салқынбекұлы, аудандық мәслихат хатшысы Ербол Абақұлы салтанатты түрде табыс етті.

Ынтымағы мен бірлігі жарасқан көп ұлтты халқымыздың мерейі әрқашан биіктей берсін! Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

 

Мөлдір Тастанбек

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.