Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркістан облысында 4 адам ыстан уланып, көз жұмды

Көз жұмғандардың арасында бір бала бар

0 421

Түркістан облысында ысты газға уланған төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz cайтына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Келес ауданына қарасты Ұшқын ауылындағы жеке тұрғын үйде болған. Құтқарушыларға 28 қараша күні сағат 12:30 шамасында жергілікті тұрғын хабарласып, жеке тұрғын үйден 4 адамның денесі жатқанын айтқан. Көз жұмғандардың арасында кәмелеттік жасқа толмаған бала бар.

«Үй ішінде өрт болғаны байқалмайды. Үйде табиғи газбен жылыту жабдығы орнатылған. Пеш қатты отынмен жұмыс істеуге арналған, табиғи газбен жылытуға қайта жабдықталған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда», – делінген департамент хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, 49, 47 жастағы ағайынды жігіттер, тұлғасы анықталмаған әйел және 3-4 жас шамасындағы ер бала көз жұмған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.