Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындарды автоматтармен қорқытқан: Алматыда қылмыстық топ жер үйлерге шабуыл жасаған

0 315

Жер үйлерге қарулы шабуыл жасаған қылмыстық топты Алматы полициясы ұстады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Polisia.kz мәліметінше топ құрамында Алматы облысының 29-36 жас аралығындағы төрт тұрғыны бар. Олардың екеуі осыған дейін бөтеннің мүлкін тонау және ұрлау үшін сотталған адамдар. 5-6 қаңтарға қараған түні жаппай тәртіпсіздік кезінде қаскүнемдер жеке күзет ұйымдарының қызметкерлеріне бірнеше шабуыл жасап, олардың қызметтік қаруын иемденген.

“Содан кейін олар бірнеше үйге қарақшылық мақсатында шабуыл жасап, жәбірленушілерді автомат пен басқа да атыс қаруымен қорқытып, олардың жеке мүлкі мен екі көлігін иемденген. Күдіктілер ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған қылмыстарды ашуға қалалық криминалдық полиция қызметкерлері көмектесті, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.

Сондай-ақ, заттай дәлелдемелер, оның ішінде күзетшілерден алынған қару тәркіленіп, ҚР ҚК 192-бабы және ҚР ҚК 291-бабы бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелген. Ұсталғандардың жеке басы басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.