Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде

0 931

Тараз қаласы, Сүлейменов көшесінің соңындағы «Ұлы Дала» (15) мөлтекауданының алаңы – 362,2 га, халық саны 53 000 адамды құрайды.

Жалпы тұрғын аумағы – 917 418 шаршы метр, 14 402 пәтер салынады деп жоспарланды. Аталған аумақта көпқабатты тұрғын үйлер саны 144-ке дейін өскен, 967 жеке тұрғын үйлер, 4 орта мектеп, 5 балабақша, 2 медициналық орталық (жедел жәрдем станциясы), 1 мешіт, 6 жеке кәсіпкерлер («Бином» ЖШС) есебінен тұрғын үй, 1 балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру мектебі (ФОК), 1 Оңалту орталығы және 2 мемлекеттік әкімшілік ғимарат қарастырылған.
2018-2023 жылдар аралығында 110 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды.
Ал 2024 жылы 34 көпқабатты тұрғын үй бойынша жұмыстар атқарылуда (4 арендалық тұрғын үй, пәтер саны – 240; 30 кредиттік тұрғын үй, пәтер саны – 1 562). Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Тараз қаласындағы «Әулие-Ата» (14) мөлтекауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша қарастырылған:
«Әулие ата» (14) мөлтекауданында 145 тұрғын үй, оның ішінде таунхаусы – 64 тұрғын үй, көппәтерлі үйлер – 81, 2 мектеп, 3 балабақша, онкологиялық диспансер, көпсалалы аурухана, профильді емхана, лицей-интернат, Салтанат сарайы, Инновациялық шығармашылық орталығы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, инженерлік құрылымдар, кәсіпкерлік нысандар қарастырылған. Тұрғын жай қоры – 358 100 м2, халық саны 14 400 адам қоныстануы жоспарлануда.
«Тараз қаласы, «Әулие-Ата» (14) мөлтекауданында 5-қабатты 22 тұрғын үйдің құрылысын салу» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы толық әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Жобалаушы мекемесі – «Капитал Проект» ЖШС.
Бүгінгі таңда нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 2024 жылы республикалық бюджетке өтінім берілді. Қаражат қарастырылған жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.
Асқаров көшесінің соңындағы (16-мөлтекаудан) тұрғын алқаптың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша қарастырылған: жалпы білім беру мектебі, балабақша; жедел жәрдемге арналған станциясы бар емхана, Халыққа қызмет көрсету орталығы, өрт сөндіру бекеті, әкімшілік ғимараты, жол бойындағы қызмет көрсету нысандары, саябақ, инженерлік және коммуналдық қойма құрылыстарының аумақтары, коммерциялық қызмет көрсету нысандары, 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер, перинаталдық орталық, жұқпалы ауруларды емдеу емханасы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Мәдениет үйі, мешіт.
Тұрғын алқапта 351 жеке тұрғын үй құрылысы және 82 көппәтерлі тұрғын үй қарастырылған, ал тұрғын алқапта 16 720 тұрғынның қоныстануы жоспарлануда.
2023 жылы тұрғын алқапта 5 қабатты 16 тұрғын үйдің (пәтер саны – 720, пәтердің жалпы алаңы – 54 268 ш.м.) құрылыс жұмыстары басталып, келісімшарт бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар тұрғын үйлердің заманауи сәулеттік келбетін сақтау барысында сыртқы қасбетін және шатырын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. 2024 жылға аталған тұрғын алқапқа қосымша 30 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
2024 жылы 36 тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жобалаушы анықталып, жоба әзірленуде.

Нұрсұлтан Исабеков,
Тараз қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.