Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұсыныс-тілектер ескерусіз қалмайды

0 276

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен қала әкімдігінің мәжіліс отырысы өтті. Жиын барысында Тараз қалалық мәслихатының депутаттары тарапынан жолданған сауалдар мен ұсыныстар талқыланды.

Халық қалаулылары көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу, аялдамаларды орнату, қоғамдық көліктердің қызметі сынды өзекті мәселелерді көтерген.
Шаһар басшысы өз кезегінде айтылған мәселелер аяқсыз қалмайтынын жеткізді.
– Мәслихат депутаттарының ұсыныс-пікірлері біз үшін өте маңызды. Солардың тарапынан көтерілген көптеген мәселелер қаламыздың үш жылдық жоспарына енгізілген. Соған сәйкес, бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табады. Алдағы уақытта да халық қалаулыларымен бірге облыс орталығындағы түйткілдердің түйінін тарқатарымызға сенімдімін. Бұл шаһарымыздың дамуына да оң әсерін тигізеді, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.