Қалалық қоғамдық-саяси газет

Аулалардың абаттандырылуы – айрықша назарда

0 244

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков шаһардағы бірқатар нысандарды аралады. Әуелі қала әкімі «Салтанат» (4) ықшамауданы, №26 үйдің тұрғындарымен кездесті. Мұндағы халықты жаяу жүргіншілер жолын жаңалау мен ауланы асфальттау мәселесі көптен бері толғандырып келеді.

– Ауламыздағы асфальт жолы талай уақыттан бері жөндеу көрмеген. Соның салдарынан жауын-шашын күндері бұл маңға көлік түгілі, адамның қатынауы қиынға соғады. Тағы бір мәселе – жаяу жүргіншілер жолын жаңалау. Үйіміз мектептің дәл іргесінде орналасқандықтан, көлік көп қатынайды. Осыған орай, әуелі балалардың қауіпсіздігіне алаңдаймыз. Сондықтан аталған екі мәселені шешіп беруіңізді сұрай- мыз, – деді тұрғындар.
Шаһар басшысы өз кезегінде аталған мәселелер назарға алынып, тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді.
Бұдан кейін қала әкімі аталған ықшамаудандағы №10 үйдің аула-сындағы абаттандыру жұмысымен танысты. Қазіргі таңда мұнда балалар ойын алаңшасы салынуда.
Келесі кезекте шаһар басшысы Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің жөндеу жұмыс-тарының барысын көзбен көрді. Барлық құрылыс жұмыстары өзінің қатаң бақылауында екенін баса айтқан қала әкімі жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Құрбанәлі Шахабай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.