Қалалық қоғамдық-саяси газет

Су айдындарындағы халықтың қауіпсіздігі

0 282

Жаз – су қоймаларында демалу уақыты, тек мұны ақылмен жасау керек және әрқашан қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтау керек.

Ауданның су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жоспарлы алдын алу жұмыстарына қарамастан, шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздік ережелері мен қарапайым шараларын сақтамау себебінен суда адамдардың қаза болуы жалғасуда. Осыған байланысты Тараз қаласының ТЖ басқармасы мен жергілікті полиция және Тараз қаласы әкімдігінің қызметкерлері бірлесіп, Талас өзеніне шомылуға тыйым салынған орындарда рейдтер жүргізуде. Өкінішке орай, Тараз қаласының тұрғындары қызметкерлердің ескертулерін әрдайым тыңдамайды, бұл көбінесе судағы төтенше жағдайларға әкеледі.
Зардап шеккендердің басым көпшілігі суда ата-аналарының балаларды қараусыз қалдыруына, сондай-ақ олардың мас күйінде шомылғанына байланысты болуда.
Тараз қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері су жағасындағы демалыс қайғылы оқиғамен аяқталмауы үшін қауіпсіздік ережелерін есте сақтау қажеттігін еске салады. Ыстық ауа райында судағы қайғылы жағдайлардың жиі себептері – суық суға күрт кіру, мас күйінде жүзу және өз күштерін асыра бағалау. ТЖБ қызметкерлері Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарына табиғатта демалу кезінде мұқият болуды, барлық сақтық шараларын сақтауды ұсынады.
Сақ болыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз! Өйткені қарапайым назар аудармау кейде қайтымсыз салдарға әкеледі.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда Бірыңғай құтқару қызметінің «112» телефонына хабарласыңыз.

Болат Әмірәлиев,
Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы,
азаматтық қорғау капитаны

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.