Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұсталған күдікті полиция ғимаратында қайтыс болды

0 152

8 желтоқсан кешкі сағат 17:00 шамасында Шымкент қаласындағы полиция департаментінде жауап алынып жатқан күдікті қайтыс болды. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.

Ресми өкілдіктің мәлімдеуінше қала аумағында бірнеше қымбат шет ел автокөліктерін айдап кету қылмысы бойынша күдікті ретінде жеткізілген 1990 жылы туылған азамат жауап алу барысында бірден өзін нашар сезінген. Жедел жәрдем шақыртылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Алайда көмек келгенше ес-түсін жоғалтқан азаматтың сол жерде қайтыс болғаны расталып отыр.

Қазіргі таңда азаматтың қайтыс болу себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып, ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментіне және қалалық прокуратураға хабарланған.

aikyn.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.