Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкенттің ЖПҚ бастығына қатысты тергеу басталды

0 275

Шымкент қаласының жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаменті мәлімдеді.

«Шымкент қаласының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы М.Бұхарбаевқа қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазір Ішкі істер министрлігіне оны қызметінен босату туралы ұсыныс жолданды», – делінген хабарламада.

Михаил Козачковтың Telegram-арнасында Шымкент Полиция департаменті рота офицері-командирінің видеосы жарияланды. Кадрда ол Қазақстан Президенті мен ішкі істер министріне жүгінеді. Офицердің айтуынша, Шымкент Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Мұхтар Бұхарбаев оны қымбат заттар – жиһаз, жабдық, iPhone-ға құлаққап сатып алуға мәжбүрлеген.

«Дәлелдерді тергеуге бердік. Барлық дәлелге қарамастан, Бұхарбаев әлі күнге дейін өз орнында отыр. Іс Шымкент қаласының ҰҚК-не тапсырылды. Арызымды алу үшін маған белгісіз адамдар 10 миллион теңге ұсынып отыр. Мен адал полиция қызметкерімін, оны қабылдамаймын», – деді видео авторы.

tengrinews.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.