Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкентте күйеуі әйелін тас жолда пышақпен жарақаттады: әйел арыз жазудан бас тартты

0 328

Түркістан облысында ер адам әйелін пышақпен жарақаттаған. Оқиға Шымкент-Қызылорда тас жолында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға туралы желіде “НеМолчи” қорының жетекшісі Дина Таңсәрі хабарлады. Сөзінше, оған оқиға куәгері жағдай туралы хабар берген.

“Күйеуі әйелін ұрғанын көзіммен көрдім. Әйел көмек сұрап тас жолға шығып кеткен екен. Аты Гүлжан. Тас жолдың ортасында күйеуі пышақтапты. Шытағы қанталап тұрды. Жедел жәрдем, полиция шақырдық. Жедел жәрдем келіп, Темірланға (Шымкент жанында) ауруханаға алып кетті. Бұл отбасы Төрткүлде тұрады екен”, – деді оқиға куәгері.

Жағдайға қатысты журналист Алиса Масалева әйелдің күйеуіне қарсы арыз жазудан бас тартқанын айтты.

“Әйел қазір ауруханада жатыр. Полиция қызметкерлері, артынан кеткен. Бірақ жәбірленуші арыз жазудан бас тартыпты. Қорғау ұйғарымы шығарылды. Ол не нәрсеге үміттеніп жүр? Осы ауданда күйеуі бір сәтте күшін басқара алмай,  әйелін өлтіріп қойған. Балалардың көз алдында”, – деді журналист Алиса Масалева.

Сөзінше, жәбірленген әйел жағдайының жақсы екенін айтқан.

“Қолы оралған, бір қарағанда жаман емес сияқты. Арыздан жазбаша түрде бас тартты. Бес жыл болды, бірге тұрамыз, екі баламыз бар дейді. Инспектордан отбасын бақылауға алуды өтіндім”, – деді Масалева.

Жергілікті Полиция департаментінде жағдай есепке алынғанын мәлімдеді.

“Дене жарақатын алған Ордабасы ауданы тұрғынының жұбайына қатысты қорғау ұйғарымы алынғанын және тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлаймыз.

Бұл факт бойынша әйел ешқандай шағымдары жоқ деп мәлімдеді. ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы «отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер» бойынша материалдар жиналуда. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз”, – деді Түркістан облысы Полиция департаментінде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.