Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Шоу-сайлау»: бұл науқан өзгелерінен өзгерек өтуде

0 338

Бүгін елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Осы уақытқа дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев, үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және Астана әкімі Жеңіс Қасымбек дауыс беріп үлгерді.

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек. Назарларыңызға сайлаудағы қызықтар топтамасын ұсынамыз.

Адыраспан тұтатып кірген тұрғын

«Астанада сайлау учаскесіне адыраспан тұтатып кірген тұрғынның әрекеті желі қолданушыларын күлкіге қарқ қылса, дауыс беруге жартылай жалаңаш келген азаматтар елді таң қалдырды», – деп жазды ZTB парақшасы.

Дивандағы жігіт

Желіде диван арқалап, сайлау учаскесіне келген жігіттің видеосы тарап кетті.

Жартылай жалаңаш келген жігіттер

Дивандағы жігіт, тасбақа адамдар: сайлаудағы қызықтар

Астанада белгісіз біреулер қар жауып жатқанына қарамастан сайлау учаскесіне жартылай жалаңаш келген. Бұл туралы блогер Насима Қорғанбекова Facebook-парақшасында айтты.

Оқиға Оқушылар сарайында, №137 учаскеде болған.

Тасбақа адамдар

Дивандағы жігіт, тасбақа адамдар: сайлаудағы қызықтар

«Елордада дауыс беруге «тасбақа адамдар» келді», – деп жазды Qazaqstan ұлттық арнасы.

Түйедегі дауыс берушілер

Дивандағы жігіт, тасбақа адамдар: сайлаудағы қызықтар

Талдықорған қаласындағы №419 сайлау учаскесіне дауыс берушілер түйемен келді. Бір топ азамат дауыс беру кезінде ән мен жырдан шашу шашқан.

 

taulik.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.