Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлт сапасы – ел тағдыры

0 496

Қазақ елінің жеткен жетістігі, ел болып қалыптасуы – ұлт сапасының жемісі. Мемлекетіміздің өркениетін арттырып, қара халықтың қорғаны болған, белді азаматтардың арқасында, бүгінгі тәуелсіздіктің тәтті күндеріне де жеттік.

Ел тағдырында есімдері естен кетпес дана жандардың  «қазақ» деп соққан жүректері, нағыз сапалы ұлттың дәлелі болғандай. Ұлт сапасы, тікелей тіл сапасы десек қателеспейміз. «Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі тіл» демекші, қазіргі заманда үлкен проблемаға айналған тіл мәселесін шешу әрбіріміздің өз қолымызда. Тағдырдың сый етіп берген ана тілін құрметтеп, өскелең ұрпаққа дәріптеу біздің міндетіміз.

 Мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыз саналы, салиқалы ұлт бейнесін барша әлем жұртына паш етіп келеді. Олар, халық игілігі үшін, қанша қилы замандардан өтіп, ел тарихында өшпес із қалдырды. Сол жандардың ерік-жігері халқымыздың қанында қалыптасқан. Бүгінде қолға қару алып, жауға шабатын заманнан өтіп, олардысөзбен емес, іспен жеңетін кезең келді. «Ұлт сапасы – ел тағдыры», саналы ұлт қалыптастыру біздің қолымызда. Өнегелі халықтың тарихы ешқашанда ел санасынан өшпек емес.

Әрине, әрбір елде бірнеше ұлт мекен етеді . Сол ұлттар өз тілінде сөйлейді, дәстүрлерін дәріптейді және қолдана алады. Тек біздің Қазақстанда 130 дан астам ұлт өкілдері  бір шаңырақ  астында мекен етеді. Олар өз  тілдерінде  сөйлейді, ұлттық киімдерін киеді . оларға шектеу қойылмаған. Кез- келген ұлт –өздерінің құқықтарын қорғай алады. Барлық ұлт өздерін отансыздықтан қорғағысы келеді. Жер шарында мекен ететін адамдар , жалпы ұлттар өздерінің келешек  ұрпақтарының  болашағын ойлайды. Ал сол  ұрпақтар бүгінгі бізбіз. Егер де өз тілімізде сөйлеп , ата-абабаларымыздың ерлігін олардың кім екенін ұмытпасақ, өз отанымызды тани аламыз.Кей ұлттар отаны жоқтың, күйі жоқтың қандай екенін түсіне алады. Біз ондай жағдайға жетпес үшін өзімізді тани алуымыз керек. Бізден кейінгі ұрпақтар өздерінің ұлтын, отанын, туған жерін жете білу керек.

Сонымен қатар, ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяның негізгі өзегі, ұлт сапасын қалыптастыратын басты факторлардың бірі. Ол туған жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, өнері, күйлері, жырлары, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйелененетін сезім. Ұлттың болмысын, психологиялық өзіндік ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді. Сол себепті де қазіргі балалар мен жасөспірімдер тәрбиесі ұлттық идеямен сусындап, қазіргі заманауи білімдермен интеграциялануы қажет. Ал мазмұны ұлттық тәрбиенің тамыры болған әл-Фарабидің парасатты адам, Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік», Яссауидің хәл туралы, Абай Құнанбаевтың «Толық адам», Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ар-ұждан» ілімдерімен, Ахмет Байтұрсыновтың «Баулу» мектебінің және басқада ұлт зиялылары мен  ағартушыларының ұлттық идеяларымен өрілуі аса маңызды болмақ.

Эльниза КЕМЕЛБАЕВА, 

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

«Конвергентті журналистика» білім беру бағдарламасының

2-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.