Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Сарысу ауданында білім саласының өзекті мәселелері талқыланды

0 44

Сарысу ауданында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршубековтың төрағалығымен Сарысу аудандық білім бөлімінің 2025 жылғы жұмыс қорытындысы мен алдағы міндеттеріне арналған көшпелі кеңес өтті.

Кеңес барысында облыс көлемінде білім саласында атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелерге тоқталып, алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттар айқындалды.

Басқарма басшысы өз баяндамасында Білім беруді дамыту тұжырымдамасында, ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп әзірленген өңірлік жол картасында және Жамбыл облысының даму жоспарында белгіленген мақсатты индикаторлардың орындалғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Нұрбек Оршубеков білім саласындағы бірқатар өзекті мәселелерге ерекше назар аударып, нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, білім сапасын қамтамасыз ету, мектептердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуі, басқару мен ішкі бақылау жүйесін күшейту басты міндет ретінде белгіленді.

2025 жылдың қыркүйек–желтоқсан айлары аралығында Сарысу ауданындағы 5 мектептің мемлекеттік аттестаттаудан өте алмағаны айтылып, бұған мектеп басшылары тарапынан бақылаудың жүйесіз жүргізілуі негізгі себеп болғаны атап өтілді. Осыған байланысты аталған білім беру ұйымдарындағы анықталған кемшіліктерді жою, қайта аттестаттауға сапалы дайындық жүргізу тапсырылды.

Сондай-ақ, мектептердің рейтингтік көрсеткіштерінің төмендеуі, тиімділігі төмен білім беру ұйымдарының үлесінің артуы алаңдаушылық тудыратыны айтылды. Басқарма басшысы білім бөлімдеріне мұндай мектептерге қойылатын талаптарды күшейтіп, әдістемелік қолдау мен бақылауды жүйелі жүргізуді тапсырды.

Кеңесте «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлер санының артуы мен олардың ҰБТ нәтижелерінің сәйкес келмеуі де қатаң сынға алынды. Басқарма басшысы «Алтын белгі» — формальды көрсеткіш емес, білім сапасының нақты айғағы болуы тиіс екенін атап өтіп, саннан гөрі сапаға басымдық беру қажеттігін жеткізді.

zhambyl_bilim

Фото профиля zhambyl_bilim
zhambyl_bilim

САРЫСУ АУДАНЫНДА БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

🔽

Фото профиля zhambyl_bilim
zhambyl_bilim

Сонымен қатар, педагогтердің кәсіби біліктілігі, ОЗП нәтижелері, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, «Әлеуметтік әмиян» жобасының іске асырылуы, азаматтардың өтініш-шағымдарын сапалы қарау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және әлеуметтік желілердегі сыни жарияланымдарға жедел жауап беру мәселелері де басқарма басшысының ерекше бақылауында болатыны айтылды.

Кеңес барысында Сарысу аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов баяндама жасап, ауданның білім саласындағы нақты көрсеткіштері мен атқарылған жұмыстарына тоқталды. Ол мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі жоғары екенін, ауданда апатты, үш ауысымды және орын тапшылығы бар мектептердің жоқтығын атап өтті.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы педагог кадрлардың сапалық құрамы, қаржыландыру, жазғы сауықтыру шаралары, оқушыларды ыстық тамақпен қамту, тасымал, материалдық-техникалық база, білім сапасының динамикасы, ҰБТ нәтижелері, оқушылар мен педагогтердің жетістіктері жан-жақты баяндалды.

Жуаныш Жарықбасов өз сөзінде білім беру ұйымдарындағы басқару сапасын арттыру, басшыларды ротациялау, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін күшейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.

Көшпелі кеңес қорытындысы бойынша білім саласындағы анықталған кемшіліктерді жою, бақылауды күшейту және білім сапасын арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар жүктеліп, бұл мәселелер тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.