Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сарбаздар борышын өз өңірінде өтейді

0 423

Жамбыл облысында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатарына әскерге шақырылушыларды іріктеу принципіне аса маңызды өзгеріс енгізілді. Енді осы жылдан бастап Жамбыл облысында мерзімді әскери қызмет атқару үшін іріктеуден өткен және жарамды болып танылған әскерге шақырылушылар өздерінің үйлерінен алыс емес жерде, яғни өз облыстарының аумағында Отан алдындағы борышын өтейді.

Қазіргі таңда мемлекетімізде мерзімді әскери қызметке шақыртудың аумақтан тыс принципі әрі қарай жалғастырылуда. Яғни әскерге шақырылушылар өздерінің облыстарынан тыс мемлекетіміздің басқа өңірлеріне қызмет атқарады. Алайда болашақ шекарашыларға бұл принцип енді қолданылмайды. Жамбыл облысынан шақырылған жастар үйден бір қадам дерлік жерде борыштарын өтейді.
Әскерге шақырылушылар қатарындағы іріктеуден өткен жас сарбаздар ең әуелі Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының базасында орналасқан техникалық және кәсіби даярлау бөліміне оқуға жіберіледі.
Қордай ауданы бойынша шекара басқармасы – бұл заманауи ғимараттары, құры- лыстары мен казармалары, тамақтану мен медициналық қамтамасыз етуді ұйымдас- тырудың жоғары деңгейі бар үлкен әскери қалашық. Оқу орталығының оқытушылары мен нұсқаушыларының құрамын тәжірибелі офицерлер мен кәсіби дайындықтары жоғары келісімшарт бойынша әскери қызметшілер құрайды.
Үш айлық оқу курсынан кейін ары қарай әскери қызметін жалғастыру үшін сарбаздар Жамбыл облысында орналасқан шекара бөлімшелеріне жіберіледі. Шекарадағы қызмет ерекше, күрделі және әскери қызметшілерден үлкен жауапкершілікті, моральдық және физикалық күштерді қажет етеді. Ал үйге жақын жерде қызмет ету мүмкіндігі сарбаздарға жан тыныштығы мен тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Әрі сарбаздардың ата-аналары ұлына жиі келіп, оны көріп тұра алады.
Бұл бұрыннан қалып кеткен принципті жаңғыртудың жолы екенін айта кеткен жөн. 2009 жылға дейін ҚР ҰҚК Шекара қызметіне іріктеу дәл осылай жүргізілген еді. Яғни шекарашы сарбаздар өздерінің туған жерлерінде қызмет атқарған.
Өздеріңіз білетіндей, әскерге шақыру әрқашан Шекара қызметіне іріктеуден басталады. Жыл сайын бір шақыру нау- қанына Жамбыл облысынан 300-ге жуық жас жеткіншек Шекара қызметінің қатарына қабылданады. Туған жерінде, өз үйінің жанында қызмет өтегісі келетін жігіттердің саны көбейеді және көптеген ер азаматтарымыз таңдалғандардың қатарына кіруге тырысатын болады деп ойлаймыз. Алайда шекарашыларды іріктеу бұрынғыдай мұқият жүргізіледі. Атап айт- қанда, өмірбаяндық деректер, физикалық және моральдық-психологиялық жағдайы, сондай-ақ жастардың мерзімді әскери қызмет өткеруге дайындығы егжей-тегжейлі зерделенеді. Сонымен қатар мерзімді қызмет аяқталғаннан кейін сарбаздарда келісімшарт бойынша әскери қызметке қалу мүмкіндігі бар.
Қазіргі уақытта келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің ең төменгі жалақысы 200 мың теңгені құрайды және ай сайын тұрғын үйді жалға алу өтемақысы төленеді. Жыл сайынғы демалысқа шыққан кезде екі лауазымдық жалақы мөлшерінде ақшалай қаражат және медициналық тұрғыда тегін қамтамасыз етіледі. Оларда 47 жасқа толғаннан кейін зейнетке шығу көзделген.
Бұған қоса қызмет өткеру барысында сарбаздардың ҚР ҰҚК Шекара академия- сына және шет мемлекеттерден басқа да жоғарғы әскери оқу орнына түсу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар мерзімді әскери қызметті өткерген және өзін жақсы жағынан көрсеткен азаматтар Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында тегін оқу мүмкіндігіне ие бола алады. Осындай жеңілдіктер қызықтыратын болса, Тараз қаласы, Абай көшесі, №144 «А» мекенжайындағы 4-ші кабинетке келсеңіздер болады немесе 7 (7262) 455320 телефон нөміріне хабарласыңыздар.

Тараз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.