Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сан салаға серпін берді

0 216

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ел экономикасын дамытудың жаңа жолдарын айқындап берді.

Ел Президентінің сындарлы саясатының арқасында еліміздің экономикалық дамуы қарыштай түсетіні айдан анық.
Қоғамның дамуында мәдениет пен руханият ерекше орын алады. Осы кезге дейін де мемлекет тарапынан мәдениетке, руханияттың дамуына көп көңіл бөлініп келді. Алдағы уақытта да бұл саланың тасы өрге домалай беретіні анық.
Жалпы, еліміздің экономикасы нығайған сайын мәдениет саласына бөлінетін қаражат көлемі де көбейіп келеді. Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы соңғы жылдары біршама жоғарылады. Бұрынғы мүмкіндікпен салыстырып қарағанда едәуір алға жылжып, ілгеріледік. Бұл жолы Президент экономика, мемлекетке тартылатын инвестиция туралы көбірек мәселе қозғады.
Экономиканың алға басуы руханияттың дамуына оң серпіні берері анық. Президент «Келешек» бағдарламасы бойынша әр туылған балаға салынатын депозит жөнінде де кеңінен тоқталды. Бұл шешім мәдениет саласының қызметкерлерін де қуантып отыр.
Әр балаға салынған қаржы ата-анаға үлкен көмек болары анық. Жолдауда еліміздің әр ауласын, әр отбасын дамытуға бағытталған мәселелер көп айтылды. Оның бәрі де өзекті.

Марат Құлыбаев,
журналист

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.