Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жемісті жобаның арқасында баспаналы болды

0 382

Жуырда Жуалы ауданы, Жетітөбе ауылдық округі, Кәріқорған ауылында «Асарлатып үй салу» жобасы аясында мұқтаж жанның үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілді.

Баспана кілтін табыстауға аудан басшылығы, ауыл тұрғындары қатысып, қуаныш иесіне ізгі тілектерін жеткізді.
Осылайша Жетітөбе ауылдық округінің тұрғыны Василий Дорош игі жобаның шарапатын көрді. Мүмкіндігі шектеулі жанға шаруа қожалық иелері мен кәсіпкерлер және ауыл тұрғындары күш біріктіріп, 4 бөлмелі баспананы сыйға тартты. Көптің көмегімен күрделі жөндеуден өткен тұрғын үй жылу жүйесімен, ауыз сумен, отынмен қамтылған.
Жемісті жобаның арқасында ауданда мұқтаж жандарды баспанамен қамту мәселесі оң шешімін тауып келеді.

Әмина Мұса

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.