Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сала үздіктері марапатталды

0 1  800

Әлемде ешқашан өлмейтін, даму үстінде ғана жүріп отыратын мамандықтардың бірі – медицина саласы. Медицинасы дамыған елдің болашағы жарқын болмақ. Өйткені ол дамыса, елдің денсаулығы жақсарады, осылайша қоғам өркендейді.

Дамыған елдердің тәжірибелерін меңгеру арқылы озық елдердің қатарына енуді мақсат тұтқан еліміз соңғы жылдары денсаулық сақтау саласына аса мән беріп келеді. Нәтижесінде, жыл сайын салада өзгерістер орын алып, тіпті шалғай аудандардағы емханаларға заманауи аппараттар үлестірілуде. Ал мемлекеттің басты байлығы адам десек, әрбіріміздің денсаулығымызды бақылайтын ақ халатты абзал жандардың қоғам алдындағы еңбегі еселі.
Қазақстанда маусым айының әр үшінші жексенбісі – Медицина қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтеді. Бұл күні елімізде денсаулық сақтау саласының мамандары ерекше сый-құрметке бөленеді. Уақытпен санаспай, науқастың жанын сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жүрген ақ халатты абзал жандар қандай құрметке болса да лайық.
Дәл осындай «адам жанының инженері» атанған Медицина қызметкерлері күні қарсаңында облыстық психикалық денсаулық орталығында салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Ең әуелі сөз алған орталықтың бас дәрігері Серік Жетібаев мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
– Бүгінгі қоғам медицина қызметкерлеріне зор жауапкершілік жүктейді. Біздің басты мақсатымыз – халықтың алғысына бөленіп, адал еңбек ету. Адамдар өз өмірі мен денсаулығын сіздердің қолдарыңызға сеніп тапсырады. Ұзақ жылдар бойы жанкешті еңбегімен, мамандығына адалдығымен, баға жетпес тәжірибесімен адамдарға қызмет етіп келе жатқан сіздерге ерекше алғысымды білдіремін, – деген Серік Дүйсенәліұлы бірқатар сала қызметкеріне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, облыс және қала әкімдігі, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыстады.
Марапат иелері де өз кезегінде ризашылықтарын жеткізді.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.