Қалалық қоғамдық-саяси газет

Садақа

0 663

– Шеше деймін, ол қайыршы емес деймін, оған садақа бермей-ақ қойыңыз.
– Қалай қайыршы емес? Мына қыздың киіп жүрген шалбарының тізесін қарашы, әбден дал-дұлы шыққан.
– Мода сондай, шеше…
– Қойшы сен. Ауылдан келді екен деп мені әйтеуір мазақ қыла бересіңдер! Мұндай мода бола ма?! Жақсы онда, садақамды мына балаға берейін, ағасының шалбарын киіп алғаны көрініп тұр. Қарашы, балағы қып-қысқа!
– Ойбай, шеше! Жолама оған!
– Неге, байғұс? Бұл да мода ма?
– Мода емес, молда ғой, шеше…
– Түуу, мені жарым қылып болдыңдар ғой, түге! Е, мына қызға берсем ше?
– Шеше, ренжімеші! Тек бұл қыз емес, жігіт, шеше…
– Не дейді, көтек! Шашы ұзын болғасын қайдан білейін… Ал мына тақырбас балаға беремін-ау, аш секілді, көзінің асты көгеріп кетті. Өй, мынау тошны бала ма, өзі…?!
– Шеше, соны мен өзім де айыра алмай тұрмын.
– Қой, кеттік онда. Өзімше бір садақа бере қояйын деп едім, болмады ғой. Ау, мына өріп жүргендер кім?
– Жемқорлар ғой, шеше…
– Осыларға бере қойсам не қылады?
– Берсең бере салшы. Осылар да бір жарымай қойды ғой.

Нұрлан СӘДІР

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.