Қалалық қоғамдық-саяси газет

Анау да Құралай, мынау да Құралай

0 388

Түн. Такси. Көліктің артында 1 жасқа жетер-жетпес сәби бар екен. Мен міне сала жатырқай жылап, алдыңғы орындыққа ұмтылды. Соткамды қосып, мультфильм көрсетіп, жұбатып, тіземе отырғызып алдым.
Үйден түсіп қалдым. Таңертең соткамның таксиде кеткенін ұғып, қоңырау шалдым.
– Алло, – деді менің телефонымды көтерген таксист жігіт.
– Сәлеметсіз бе, кеше соткам қалып кетіпті сіздің көлігіңізде.
– Білем! Білген соң сөйлесіп тұрмыз ғой.
– Қай жерден алып кетсем болады?
– Сен «звондамай қала ма, телефонын таппай жүр ме» деп уайымдап едім. Жақсы болды ғой.
– Ой, рақмет!
– Апарып беремін қазір. Өзім апарып беремін!
– Жақсы болды ғой. Рақмет, аға.
– Өткенде мен де алғыс айтпаппын. Келін мен інімнің бөпесі ғой. Ашық екенсің, қарындас. Сен ғана жылағанын қойдырып, жұбатып бердің жылауықты. Телефоныңды апарып, шай ішейік екеуміз кафеден. Таныс болайық. Қазақта «Жақсыменен өткізген жарты сағат жаманның өтіп кеткен өміріндей» деген нақыл бар. Өзіңмен ыстық шай ішіп, әңгіме айтып, рухани байып қайтайын деп едім. Атың кім?
– Құралай.
– Ойбай, не дейді?!
– Құралай!
– Ужас! Надоелсыңдар уже!
– Түсінбедім?
– Екі дүниеде де Құралайлардан құтылмайтын болдым-ау! Анау да Құралай еді, мынау да Құралай! Әй, кетші, ей, сен, бәле болдыңдар ғой! – деп тұтқаны тастай салды.
PS: Телефонымды інісінен беріп жіберіпті…

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.