Қалалық қоғамдық-саяси газет

СҚО-да біреулер шенеуніктің көлігіне оқ жаудырды

0 322

Солтүстік Қазақстан облысы «Челябі – Новосибирск» тасжолында әйнегі сынған, оқ тиген көлік табылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнынан түсірілген суреттер әлеуметтік желіде тарады. Желі қолданушылары жолда «тоқсаныншы жылдар стилінде» төбелес болған шығар деп болжады.

«Челябі – Новосибирск» тасжолының 635-шақырымында, Чистое ауылына жақын жерде Hyundai Accent маркалы көлік анықталды. Мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ. Зақымданған жерлері бар. Жүргізуші жақтағы есікке екі рет бытыралы мылтықпен оқ атқан. Бірақ жарақат алған адамдар жоқ. Тәртіп сақшылары көліктің иесін анықтады. Ол облыстық Білім сапасын бақылау департаментінде тіркелген. Оған Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғыны жауапты. Оның айтуынша, 17 желтоқсан күні түнгі сағат 22:00-де көлік бұзылып қалған. Ол мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алып, көлікті жол жиегінде қалдырып кеткен. Полицейлер бұл ақпаратты тексеріп жатыр», – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары зардап шеккендердің жоқтығын айтады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 202-бабы, 2-тармағы («Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оқ атқан адамдар іздестіріліп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.