Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Родничок» иінінде тірек пункті ашылды

0 195
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірінші қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес учаскелік полиция инспекторының мәртебесін арттыру бағытындағы жұмыстар Тараз қаласында қолға алынды.
Қазіргі таңда қала аумағында барлығы 29 учаскелік полиция тірек пунктері бар. Жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен ағымдағы жылы шаһарда «Шөлдала» иінімен 15 мөлтек ауданында жаңа тірек пунктері берілген болатын. Бүгінгі күні «Родничок» иінінде тірек пункті ашылды. Пункте барлығы 3 учаскелік полиция инспекторы бекітілген. Тірек пункті Тараз қаласы «Родничок» иініндегі Қайнар 6 көшесі бойында орналасқан.
Пунк учаскелік полиция инспекторына тірек пунктінің артқы жағынан қызметтік үй берілді. Аталған әкімшілік аумақта қоғамдық тәртіппен қылмыстың алдын алу үшін учаскелік полиция инспекторлары тәулік бойы тұрғындар үшін өз қызметтерін атқарады.
Алдағы уақытта Тараз қаласының аумағында жоспарға сай Арай-2 және Барысхан иіндерінде тірек пунктерінің салынуы жоспарлануда.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.