Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ресейлік ЖОО-дағы атыс: 8 адам қаза тапты

0 390

Ресейдің Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетіндегі атыс салдарынан 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Пермь университетінде травматикалық қарудан оқ атылып, төрт адам жараланғаны айтылған.

«Белгісіз адам ұсталды», – делінген хабарламада.

Ресей тергеу комитеті мәліметінше, 20 қыркүйекте Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті ғимараттарының бірінің аумағында студент атыс шығарған.

Нәтижесінде 5 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алғаны жарияланды. Алайда кейінірек тергеу комитеті сайтындағы деректер өзгерді.

«Нәтижесінде 8 адам қаза тапты, бірнеше адам жарақат алды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы нақты деректер анықталып жатыр.

Күдіктінің жеке басы анықталды. Ол қамауға алу кезінде қарсыласуына байланысты жараланды. Тергеу күдікті туралы материалдар жинап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды», – делінген хабарламада.

Қылмыстық іс «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеледі.

Бұған дейін Ресейдің Пермь қаласындағы жоғары оқу орнында атыс болғаны хабарланған еді. Оқиға видеосы РЕН-ТВ Telegram-арнасында жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, студенттер ғимарат терезесінен секірген. Сондай-ақ, видео кадрларынан атыс естіледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.