Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұранды елдің ұрпағы қайсар

0 601

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру, сонымен қатар жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу және ұлттық ойындарды жан-жақты дамыту мақсатында 2020 жылдың 10 қыркүйек күні сағат 15:00-де «Жеңіс» аренасында «Ұранды елдің ұрпағы қайсар!» атты ұлттық спорт түрлерінен сайыс өткізілді.

Шарамызды бастамас бұрын қатысушыларды рухтандырып, күш-жігер сыйлау үшін Сабеков Сұлтанбектің орындауындағы «Қазақстан» атты әсем әнімен ашылды. Сайыстың әділ бағасын беретін бас төреші ҚР-ның спорт шебері, облыстық, қалалық жарыстарда гір тасын көтеруден бірнеше рет жеңімпазы, №20 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абылаев Қуаныш Берікбайұлы болды. Алғы сөз Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі директорының орынбасары Еркебекова Гүлім Жұмағалиқызына берілді.

Бірінші кезеңіміз – гір тасын көтеру. Халық арасында кең тараған спорт түрі. Шойыннан құйылған гірді бір қолмен көтеру арқылы орындалады. Атақты Балуан Шолақ, Қажымұқан гір көтеру өнерін көрсеткен. Гірлер 16, 24, 32 кг салмақтарға жіктеледі. Балуан Шолақ пен Қажымұқанның ұрпақтары екендіктерін дәлелдейтін сәтте келіп жеткен секілді.

Ендеше, екінші кезеңімізді бастаймыз.
(әр топтан 1 ойыншы қатысады)
Екінші кезеңіміз – арқан тарту. Бұл ойынды ойнау үшін, алдымен бес-алты ойыншы тартқанда үзілмейтін арқан және үлкен адамның алақаны көлеміндей екі тақтай дайындап алу қажет. Ол тақтайлардың ортасынан арқан өтетіндей етіп теседі. Енді қарды жентектеп, аққалаға ұқсатып үйеді де, оның орта шенінен таяқпен тесіп, әлгі арқанды өткізеді. Таяқшаларды аққалаға екі-үш қарыстай тақап қалғанда тоқтатады да, тақтайшалар аққалаға тірелгенде кейін сырғып кетпес үшін арқанды түйеді. Бәрі дайын болған соң, балалар екі топқа бөлінеді де, арқанды екі жаққа тартады. Аққала қалай құласа, сол топ жеңіп шыққан болады. Жеңілген топ аққаланы қайта жасайды. Ойын қайта басталады. Ойынға қатысушылардың күш-қуатын дамытуға, таза ауада дем алып, еңбектенуге үйретеді.
(барлық топ мүшелері қатысады)
Үшінші кезеңіміз – асық ойыны. Қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке баулитын тәрбиенің көзі. Келесі кезекте асық ойындарына кезек береміз.

(әр топтан 2 ойыншы қатысады)
Төртінші кезеңіміз – ләңгі. Орта Азияда ертеден келе жатқан ойынның түрі. Ләңгі – қорғасынды теріге тігіп немесе жапсырып, аяқпен теуіп ойнайтын ойын түрі. Үш немесе бес тиындық қара бақырды ортасынан дөңгелек етіп тесіп, оған бір тұтам ат қылынан, не қылшық жүннен жасалған шашақты өткізіп істелген «ләңгі» деп аталатын затты аяқпен теуіп ойнайтын ойын. Қой, ешкінің қырқылатын шағы – ойынның қызатын кезі. Ендеше, спартакиада ойындарының алғашқы кезеңі – ләңгі ойындарына кезек береміз.
(әр топтан 2 ойыншы қатысады)
Бесінші кезеңіміз – футбол. Спорттың командалық ойын түрі. Футбол – әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады. Ережелері 17 тармақтан тұрады.
(барлық топ мүшелері қатысады)
Ұлттық ойындарды насихаттауға арналған спартакиада жеңімпаздарын Тараз қаласы Жастар ресурстық орталығының басшылығы арнайы дайындаған сыйлықтармен және де Алғыс хаттармен марапаттайтын боламыз.
Жүлдеге үміткер топтармен таныс болыңыздар:

  1. Темірқазық;
  2. Ұстаз;
  3. Сұңқар;
  4. Жайдарман.
    Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
    1-кезең: Гір тасын көтеру;
    2-кезең: Арқан тарту;
    3-кезең: Асық ату;
    4-кезең: Ләңгі тебу;
    5-кезең: Футбол ойыны.
    Ал марапаттау үшін топтарды ҚР-ның спорт шебері, облыстық, қалалық жарыстарда гір тасын көтеруден бірнеше рет жеңімпазы, №20 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абылаев Қуаныш Берікбайұлына берілді.
    Сайыстың қорытындысы бойынша І орынды «Ұстаз», ІІ орынды «Жайдарман», ІІІ орынды «Сұңқар» командалары иеленсе, ал Алғыс хатпен «Темірқазық» командасы иеленіп, жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шараға жалпы саны 50-ге жуық адам қатысты.

Айгерім Садықбекова,
Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.