Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Әрқашан күн сөнбесін!»

0 229

Бала – біздің болашағымыз. Біздің көрсеткен мейіріміміз бен махаббатымыз балғындардың кемел келешегінің іргетасын қалайды. Жақсылықты көріп өскен бала есейгенде өзі де өзгелерге жақсылық жасап, жанашырлық танытып, көмектесетін ұлтжанды болып өсері анық. Баланы махаббатпен тәрбиелеп, өсіру оның келешегіне тікелей әсер етеді.

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Әрқашан күн сөнбесін» мерекелік кеші Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының жүзден аса тәрбиеленушісінің қатысуымен өтті.
Іс-шара «Шабыт» би ансамблі мен «Ару» би студиясының би шашуымен ашылды.
Шара барысында №62 орта мектептің оқырмандары, ТОО «Ұста-Групп» Бүркітәлі орта мектебінің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.
Сиқыр әлемімен таң қалдыратын Сиқыршы өз өнерімен кештің ажарын аша түсті. Алдар көсе, Қалқанқұлақ, Қаңбақ шал ертегі кейіпкерлері балалармен «Кім тапқыр?» және «Әріптер сөйлейді» интеллектуалды ойын ойнатып, би биледі.
Белсене қатысқан оқырмандарға Алғыс хат беріліп, балмұздақтар таратылды.
Кеш соңында «Бар мейіріміміз – балаларға» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеде балалардың қызығушылығын тудыратын қазақ және шетел ертегілері мен танымдық энциклопедиялар қойылды.

Анар Дүйсенова,
Балаларға қызмет көрсету
секторының меңгерушісі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.