Қалалық қоғамдық-саяси газет

Еліміз рәміздерімен еңселі

0 231

Мемлекеттік рәміздер – кез келген елдің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады.

Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Олар тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, биік мәртебе беріледі, сондықтан да адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеу міндет. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді.
Мемлекеттік рәміздер күніне орай Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Шара барысында қызметкерлер мен қызмет алушы балалар Әнұран орындап, патриоттық әндер шырқады.

Қазына ТҰРАРОВА,
№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының тәрбиешісі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.