Қалалық қоғамдық-саяси газет

Полицейлер көлік ұрлаған әйелді ұстады

0 227

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Қарағандыда көлік ұрлаған әйел ұсталды,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл 6 желтоқсан күні сағат 23.00 шамасында Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс ПБ-не, Мұқанов көшесіндегі ауладан белгісіз біреу көлікұрлап кеткені туралы хабарлама түскен.

Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, ұрыны ұстады. Жәбірленуші 47 жастағы ер адам досына қонаққа келіп, көлікті үйдің алдына қалдырған.

Көп ұзамай көшелердің бірінде полицейлер іздеудегі көлікті тапты. Көлікті басқарған 26 жастағы әйел, көлікті жүргізіп көргісі келгенін айтып, кінәсін мойындады. Көлік иесіне қайтарылды.

Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автокөлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.