Қалалық қоғамдық-саяси газет

Полицейлер ағасының 1500 долларын ұрлап кеткен ер адамды ұстады

0 360

Түркістан облысында ағасының 1500 долларын ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ордабасы ауданында жәбірленуші әмияны жоғалғанын айтып, полицияға шағымданған. Тәртіп сақшылары оның үйінен 1500 АҚШ доллары бар әмиянды жымқырып кеткен туысын ұстады.

Факті ҚК 188-бабы (Ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Полиция ұрыны ұстау үшін жедел әрекет етті. Күдіктіні анықтап, оны Шымкент қаласынан ұстады. Ол Маңғыстау облысының тұрғыны, жәбірленушінің жиені екені белгілі болды.

Күдікті жәбірленушінің үйіне жөндеу жұмыстарына көмектесу үшін келген. Үш күннен бері көмек көрсетіп, ағасының үйінен шығып кеткен сәтін пайдаланған. Үй ішін тінтіп, сандықтағы әмиянды ұрлаған. Ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.