Қалалық қоғамдық-саяси газет

Педофил өгей қызын жарты жылдан астам уақыт бойы зорлаған

0 297

Қарағандыда жарты жылдан астам уақыт бойы кәмелетке толмаған өгей қызын зорлаған педофил сот үкімін өзгертуді сұрады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол 12,5 жылға сотталған еді. Алайда апелляция алқасы сот шешімін әділ деп тауып, үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сот істің мән-жайын дұрыс анықтады. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап 2019 жылдың 27 тамызына дейін түнгі уақытта М. 2004 жылы туған кәмелетке толмаған өгей қызының жатын бөлмесіне жүйелі түрде келіп, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

«Сот сотталған адамға жасалған құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіп сипаты мен дәрежесін, оның жеке басын, қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайды ескере отырып, жасалған әрекетке мөлшерлес қылмыстық заң бабының санкциясы шегінде жаза тағайындады», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Бұл мән-жай кәмелетке толмаған жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және істің басқа да материалдарымен расталады.

Сондай-ақ, судья айыпталушының екі жас баласы бар екенін ескерді. Бұл жайтты сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін себеп деп таныды.

М-ның қылмыстық әрекеті 2019 жылдың тамызында аяқталды және осы кезеңде ҚК 121-бабының 3-бөлігінің 1-тармағының 2-тармағының санкциясы 12 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырды.

Жеңілдететін және ауырлататын мән-жай болған кезде ең ұзақ мерзім 12 жыл 7 ай бас бостандығынан айырудан (15 жылдан 3/4) аспауы тиіс.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.