Қалалық қоғамдық-саяси газет

Оралда жоғалып кеткен 53 жастағы әйел іздестірілуде

0 72

Оралда жоғалып кеткен 53 жастағы әйел 9 күннен бері іздестіріліп жатыр.

Әлеуметтік желіден мәлім болғанындай, Жұмағаным Меңешева 21 тамыз күні Ғ.Тоқай көшесі 64-мекенжайында орналасқан «Таң» дүкенінен шамамен сағат 11.00-де шығып кеткеннен оралмаған.

Ерекше белгілері: бойы 163 см, арықша келген, қой көзді, қара, қысқа шашты.

Үстіне сұр футболка, қызыл шалбар, аяғына қызыл кроссовка киген. Өзімен бірге ұялы телефоны болған.

Жоғалған әйел туралы ақпарат болса, 8-777-184-04-90 немесе 102 телефонына хабарласуға болады.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

«Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жалғасуда», – деп хабарлады ведомство.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.