Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда 80 млн теңгенің электронды темекісі тәркіленді

0 147

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қалалық департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен көтерме саудада электронды темекіні (вейп) заңсыз өткізудің жолын кесті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz»  ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат  сайтына сілтеме жасап.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мегаполисте электронды темекіні көтерме саудада заңсыз өткізуге арналған сауда және қойма ғимараттары анықталды.

Тінту кезінде жалпы сомасы 80 млн теңгеден асатын 55 мыңнан астам электронды темекі табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген ҚМА мәліметінде.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабы алға тартылып, өзге мәлімет жария етілмеді.

ҚМА вейптерді қолдану жасөспірімдердің дамуына кері әсерін тигізетінін ата-аналардың есіне салып өтті. Сондай-ақ баланың мінез-құлқына, денсаулығына және оның жасаған саудасына мән беруді ескертті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.