Пиротехника – фейерверктер, салюттер, шартылдақтар мен бенгал оттары – қысқы мерекелер алдындағы ең танымал тауарлар болса керек. Осы қолданыстағы тауарлар құрамында әдетте, дәрі, химиялық қоспалар және еріксіз көңіл көтеруге мүмкіндік беретін металдардың санын қамтиды. Пиротехникаларды қолдану ережелерін орындамау және жарамдылық мерзімі өткен жағдайда, сонымен қатар оңай тұтанғыш материалдарға жақын орналасса, өрттің орын алуына немесе басқа келеңсіз жағдайдың туындауына әкеліп соғуы мүмкін.
Базарлар мен көшелерде сапасыз және қауіпті тауар сатуы мүмкін, сондықтан пиротехникалық өнімдерді арнайы сауда нүктелерінен сатып алған жөн. Есте сақтаңыздар, пиротехника балаларға арналмаған – оны тек ересектер ғана сатып алып, оны пайдалануға болады.
Міндетті түрде тиісті және өрт қауіпсіздігі сертификаттарының, орау қабының бүтіндігіне және өнімнің жарамдылық мерзімінің болуын тексеріңіздер. Пайдалану нұсқаулығында тек өнімді қолданудың қауіпсіз ережелері мен оны утилизациялау ғана емес, сондай-ақ оны сақтау шарттары, қолдану кезінде шектеу мен кенеттен орын алған жану жағдайы кезіндегі әрекет болуы қажет.
Адамдардың көп шоғырланатын жерлерде, авто жанармай бекеттеріне жақын жерлерде, электр сымдары мен газ сымдарының желілерінде фейерверктер, фонтандар мен салюттерді аймақтарда жаруға тыйым салынады. Ұшыру үшін тұрғын массивтерінен қашықтықта орналасқан ашық алаңды таңдап алыңыздар. Пайдалану нұсқаулығын айқын сақтаған жөн және жағу үрдісінен кейін жеткілікті қашықта алшақтау қажет.
Пиротехниканы қолданудың бірнеше ережелері бар:
— абай болыңыздар және кәмілетке толмаған балаларға өздігінен снарядты жағуға немесе оның ұшыруы кезінде жақын орналастыруға мүмкіндік бермеңіздер;
— фейерверктер мен салютты балалар мен үй жануарларына қолжетімсіз жерде сақтаңыздар, киім қалталарында пиротехникалық өнімдерді салмаңыздар;
— егер ракета ұшып кетпесе, оны ерте бастан-ақ оның себебін анықтаудың қажеті жоқ. Он минут күтіп, одан кейін іске қосылмайтын снарядқа ақырын су құйыңыздар және оны өзге қоқыстармен бірге жойыңыздар. Күйіп кеткен фитильді қайталап жақпаңыздар;
— егер сіздің бөлмеңізге жат ракета ұшып келсе, оны қолға алудың қажеті жоқ, ең бастысы — дүрлікпеңіз және кез келген жанбайтын сұйықтықпен отты сөндіруге тырысыңыз, бұл айтарлықтай қиын емес. Егер мұны жүзеге асырылмаған жағдайда – өрт сөндірушілерді шақырыңыздар.
Тараз қаласы ТЖБ ескертеді, Жаңа жылдағы қауіпсіздік тікелей сауықтыру пиротехникаларын дұрыс пайдалануға байланысты.
Қайрат ОРАЗБАЕВ, Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі