Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қойды 150 рет көтерген жігіт жамбылдықтарды тәнті етті

0 491

Наурыз мейрамы барлық ұлыс пен ұлт өкілдерінің басын қосып, татулығымыздың берік негізін көрсетеді. Бұл – ренжіскен ағайын табысып, барлық жамандық ұмытылатын, жақсыға қарай бет бұратын күн. Бүгін аталмыш ұлық мейрамды тараздықтар кең көлемде атап өтуде. Осындай шараның бірі Тұңғыш Президент саябағында өтіп жатыр.

Қазақтың ұлттық ойындарының қай-қайсысын да қазіргі ұрпақ жылы қабылдайды. Тараз қаласының жұртшылығы арасында ұйымдастырылған «қой көтеру» ойыны – жас пен жасамыстың ерекше қызығушылығын тудырды.

Аталмыш сайысқа қатысушылар қатары көп болды. Қой көтеру сайысында қойды 150 рет көтеріп, жеңімпаз атанған Саят Асылхан есімді азаматқа көтерген қой малы сыйға тартылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.