Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлттық мереке ұлықталған күн

0 514

Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мерекесі.
Әулиеаталықтар да ұлттық мерекені айырықша атап өтті. «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде ұлттық мереке үлкен деңгейде ұлықталды. Шара барысында қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінен фотоаймақ, балалар қолөнерлерінің көрмесі, робототехникадан көрме, спорттық ойындар, киіз үйлер қалашығында қазақтың ұлттық тағамдары мен киімдерінен, салт-дәстүрлерінен көрініс, сауда-саттық жәрмеңкелермен қыза түсті.
Облыс әкімі Нұржан Нұржігтов көрмедегі дүниелерге тәнті болып, жоғары бағасын берді.
– Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам. Тамыры тереңге кеткен әз-Наурыз қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі. Ұлы даланың биік рухымен, тәңірге сиынған тәккәппар мінезінен басталатын Наурыз – халқымыздың тірлігі мен бірлігінің, ырысы мен берекесінің көрінісі, биік рухымыздың, өрелі мәдениетіміз бен өнеріміздің, салт-дәстүріміздің, тіліміз бен діліміздің өзегі.
Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Кешегі саяси науқанға белсене қатысқан жамбылдықтарға үлкен алғыс, бұл болашаққа деген бөлекше таңдау. Еліміздегі тұрақтылық тұғыры бекемделіп, бақ-берекеміз арта берсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, – деді өңір басшысы.
Кеш ары қарай облыс өнерпаздарының әндерімен ұласты.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.