Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қоғам белсенділері үндеу жариялады

0 200

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында «Қаһарман Ұлт» шеруі кезінде тұрғындарды ұйымшылдыққа шақыру мақсатында брифинг өтті.

Зере ҚУАНЫШ

Шараның негізгі мақсаты – Ұлы Жеңістің 74-жылдығына арналған шеру кезінде елдің арасында іріткі салуды ниет еткен адамдардың сөзіне ермеу, мерекені жоғары деңгейде ұйымдастыру. Жиында сөз алған облыстық және қалалық ауған соғысы ардагерлер ұйымының төрағасы Дүйсенбай Еркінбек ұлық мерекені өз деңгейінде атап өтуге барша жұртшылықты шақырды.

– Ұлы Жеңіс бізге оңай келмеді. Майдан даласында  қасық қаны қалғанша Отан үшін күресіп, жан берген ата-бабалардың қол жеткізген бейбітшілікті, Ұлы жеңісті барынша бағалауымыз керек. Бүгінгі бейбіт күннің ақ таңы атып, тәуелсіздікке қол жеткізген тұста сананы улайтын түрлі арандатушылардың апапынан сақ болайық. Алып-қашпа әңгімелерге ермей, халық арасында наразылық тудыратын оқиғалардан аулақ болыңыздар. Елімізді әлем танып, шеарасы бекіген, Ата заңы айқындалған зайырлы мемлекетке айналдық. Бүгінгі ел тыныштығы мен бірлік, берекені бағалай білейік, – деді Дүкенбай Сайлаубекұлы.

Барлығымызға белгілі өткен жылы қайта жаңғырып, ел игілігіне берілген «Жеңіс» саябағында ата-баба ерлігін келешек ұрпақтың мәңгі жадында сақтау үшін  105 мың адамның есімі мәрмәр тасқа қашалып жазылды. Бүгінгі таңда облыста 75 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Қатарлары күн санап азайып жатқан ардагерлерге қандай құрмет көрсетсек те аз.

– «Елдің ынтымағы мен бірлігі болмаса жау да, дау да алады» деп Төле би айтпақшы біз көпұлтты зайырлы мемлекетпіз. Біздің ауызбіршілігіміз арқылы, достығымыз бен бірлігіміз арқылы бүгінгі жеткен жетістігіміздің жемісі. Облыста ардагерлерге көрсетіліп жатқан құрмет пен тағзым қашанда жоғары. Ерлік ешқашан ұмытылмайды.

 Бүгінде облыста 4700 тыл еңбек ардагерлері қалды.  Қаршадайынан еңбекке арласқан азаматтардың балалығын Ұлы Отан созығыс ұрлады. Облыста тыл еңбек ардагерлері де назардан тыс қалған емес, қалмайды да. Мерекелердің ең ұлысы – Жеңіс күні. Күні ертең Жеңістің 74 жылдығын атап өту мақсатында өңірде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Осы орайда облыс, қала тұрғындары мен қонақтарын «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», тату-тәтті, бір үйдің баласында ата-бабалар рухына тағзым етіп, мерекені жоғары деңгейде атап өтуге шақырамын, – деді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев.

Сонымен қатар жиында «Жастар авиациялық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Анатолий Кисель де тақырып аясында өз ойын ортаға салды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.