Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұр-Сұлтанда үйден үш миллион теңгеден аса ақша ұрлаған бала күтуші ұсталды

0 281

Нұр-Сұлтанда күтуші жұмыс берушісінің үйінен 8 700 доллар (3 737 000 теңге) ұрлап кеткен, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, бөлімшеге әйел хабарласып, әмиянынан 8 700 доллар жоғалып кеткенін хабарлаған. Әйел үйінде тамыздан бері жұмыс істеген 35 жастағы күтушіден күдіктенген.

«Ұрлық жасады деген күдікті тұрғылықты жерінде ұсталды. Ұрланған ақша пәтерден табылып, тәркіленді. Әйел екі мың долларды айырбастап үлгергенімен, ұрланған ақшаны жұмсап үлгермеген», – деді полицейлер.

Ұсталған күтушіге қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.