Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мың баланы қамтыған мәдени шара

0 311

Тараз – көне дәуірлердің естелігі, адамзат мәдениетінің биігінде айтарлықтай орны бар шаһар. Екі мың жылдан астам тарихы бар қаланың қасиеті мен өсиеті де қатар өрілген, домбыраның қос шегіндей салтанаты бөлек дүние. Ұлы даланың ұлағатты мәдениеті мен өнерінің негізі де осы жерден бастау алады десе де болғандай.

Мұндағы көне жәдігерлердің бай тарихы кімді болса да тамсандырмай қоймайды. Ал оларды кеңінен дәріптеу – өскелең ұрпақтың міндеті. Соған орай, Тараз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі «Жанды сабақ» жобасы аясында шаһардағы мектептердің 1 000 оқушысына арналған оқу-танымдық туристік экскурсия ұйымдастырды.
«Ежелгі Тараз қаласы» атты туристік экскурсия аясында қала мектептерінің білім алушылары «Тектұрмас», «Қарахан», «Айша бибі» кесенесін, «Көне Тараз» этномәдени орталығы мен «Көне Тараз» археологиялық паркін аралап, туристік орындарға саяхат жасады. Сонымен қатар «Ежелгі Тараз» тақырыбында оқу-танымдық «жанды сабақтарға» қатысты.
Сонымен қатар балалар екі мың жылдық тарихы бар көне Тараздағы Орталық стадион, Кеңесхан қажы мешіті, «Жамбыл» қонақ үйі, «Һибатулла Тарази» орталық мешіті, «Баласағұн» орталық концерт залы, Тұңғыш Президент атындағы саябақ, «Тәуелсіздік» монументі, Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайы, Қазақ хандығына 550 жылдығына арналған ескерткішімен де танысты.
Экскурсия барысында барлық оқушыға арнайы кәдесыйлар берілді. Аталған іс-шара соңында оқушылар мен ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Аман ЕСЕН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.