Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік қызметінің көрсетілу тәртібі

0 37

2024 жылғы 22 қарашада Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»ҚР Заңына қол қойды.

Тұрғын үйді жекешелендіру бөлігіндегі заң нормалары 2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап күшіне енді, енді азаматтар жекешелендіру үшін әкімдіктерге жүгіне алады.Бұл ретте «тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 13-бабының 8-тармағына сәйкес белгілі бір санаттардың тегін жекешелендіруге құқығы бар:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

3) Чернобыль атом электр станциясындағы зардаптарды жоюға қатысушылар;

4) Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер;

5) Арал маңындағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккендер;

6) бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде, оның ішінде Ауғанстанда қызмет өткеру кезінде

мүгедек адамдар деп танылған әскери қызметшілер;

7) Еңбек сіңірген жылдары бар әскери қызметшілер, МКҰ, ішкі істер органдарының

қызметкерлері – 20 жыл, мүгедектігі бар бала болған кезде-10 жыл;

8) қызмет өткеру кезінде қаза тапқан әскери қызметшінің, МКҰ, ішкі істер органы

қызметкерінің отбасы мүшелері;

9) саяси қуғын-сүргін құрбандары;

10) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер.

Қалған азаматтар мұндай тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша, яғни тұрғын үйдің баланстық құнынан тұрғын үйдің физикалық тозуын шегергендегі құны бойынша сатып ала алады.

Анықтама: тұрғын үйдің баланстық құны — бұл әкімдіктің бухгалтерлік есебінде

тіркелген осы тұрғын үйді салуға немесе сатып алуға жұмсалған ақша сомасы.

Физикалық тозу жыл сайын тұрғын үйдің баланстық құнының 2% құрайды.

Бүгінгі күні өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Жекешелендіру қағидаларына (Үкіметтің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысы) бастапқы жарнаны 10% – ға дейін төмендету және қалдық құны 2025 жылғы 3 ақпанда күшіне енген 15 млн.теңгеден асатын пәтерлер үшін бөліп төлеу мерзімін 15 жылға дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізді.Айта кету керек, жекешелендіру – бұл міндет емес, құқық және ешкім адамдарды тұрғын үйді сатып алуға мәжбүрлемейді.Тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттар:- жалға алушының отбасының барлық кәмелетке толған мүшелері қол қойған, тұрғын үйді жекешелендіруге өтініш;

– жалдау шарты;

– меншікке өтеусіз алуға құқығы бар азаматтар санатына жататынын растайтын құжат.Тұрғын үй комиссиялары күнтізбелік отыз күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдайды не дәлелді бас  тартуды жазбаша түрде шығарады.Сонымен қатар, заңда, егер осы құқық осы     Заң күшіне енгенге дейін іске асырылған жағдайда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қайта жекешелендіру мүмкіндігі ұсынылған.

Қолданыстағы «тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 13-бабының 9-тармағына сәйкес азаматтар Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір ғана тұрғын үйді жекешелендіруге құқылы.

Султанмахмут Утешов,
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі
басшысының міндетін атқарушы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.