Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Мектепте бомба бар»: Жамбыл облысында ашық сабаққа дайын болмаған мұғалім миға кірмейтін қулыққа барды

0 566

Жамбыл облысында ашық сабаққа дайын болмаған мұғалім «білім ошағында бомба бар» деп полиция қызметкерлеріне хабар берген. Осыдан соң мектеп басшылығы оқу процесін тоқтатуға мәжбүр болып, 300 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Aл бәрін бүлдірген ұстаз түк болмағандай, балаларды эвакуациялауға көмек беріп жүріпті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Шу ауданының жас мұғалімі басшылар алдында өзінің біліктілігін көрсетуге тиіс болған. Бірақ оған еш дайындықсыз келген соң, сабақты тоқтату үшін осындай қулық ойлап тапқан. Мектепті жарылғыш зат бар екені жарияланған соң, күш құрылымдары жедел жетіп, ұстаздар мен оқушыларды дереу далаға шығарып ғимаратты тінтіп шыққан. Бірақ күдікті ештеңе табылған жоқ. Есесіне жалған мәлімет берген азамат жылдам анықталды.

Ол – мектептің 25 жастағы жас маманы болып шыққан. Бұл жағдайға қатысты Шу аудандық полиция басқармасы басшысының тергеу жөніндегі орынбасары Асхат Бақбергенов түсініктеме берді.

Оның сөзінше, қолға түскен ер адам кінәсін мойындаған. «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі бойынша күдікті ҚР ҚПК 128,131-баптарының талабына сәйкес Шу ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды», – деді ол. Сонымен қатар, мектепті дүрліктірген мұғалімнің қызметінен қуылғаны белгілі болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.