Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұңғыш президент күніне орай жеңіл атлетикалық жүгіріс

0 159

Бүгін Тараз қаласы «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай қысқы спорт маусымының ашылуына арналған жеңіл атлетикалық жүгіріс өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Арнайы шараны «Хабар24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп, сәйкесінше дәл осы сәтте еліміздің барлық өңірінде бір мезетте спорттық мереке мен ресми жарыстар басталды.

Қысқы спорт маусымының ашылуына арналған жеңіл атлетикалық жүгіріске 14 жастан жоғары жүгірушілер, сондай-ақ, спортты жанына серік еткен дене мүмкіндігі шектеулі азаматтарда қатысты.

Таңмен таласа этно-тарихи кешенде 500-ден астам жүгірушілер арнайы нұсқаушымен дене қыздыру жаттығуларын жасап, жарыс жолына шыққан болатын.

Мәре сызығын үздік ондықтың ішінде кескендерге және дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар сапында бес қатысушыға ерлер және әйелдер санаты бойынша жүлделер тағайындалғанды.

Жеңімпаз және жүлдегер атанғандар дипломдармен, медальдармен марапатталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.