Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тәуелсіздік – ел тілегі, Елбасы – ел тірегі

0 211

Құрметті тараздықтар!
Баршаңызды тәуелсіз еліміздің тұғырлы мерекелерінің бірі де бірегейі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!
Биыл бұл мерекенің қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен тұстас келуі оның бағасы мен мән-маңызын еселеп отыр. Өйткені ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ата-бабаларымыз аңсаған Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кесті. Тәуелсіздік таңында мемлекеттілігімізді нығайту, еліміздің еңсесін көтеру, әлемдік қауымдастықпен тереземізді теңестіру бағытында ғаламат жұмыстар атқарды. Тәуелсіз Қазақстан БҰҰ-ның мүшесі болды. Базбір сәуегейлер «ұлтаралық жанжалдар ошағына айналады» деп көріпкелдік жасаған Қазақстанды ұлтаралық татулық пен бірліктің аралына айналдырды. Әлемде бірінші болып Семей атом полигонын жауып, Арқа төсінен еңселі жаңа елордамызды салды. Тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақ елі әлемдік қауымдастық құрметпен қарайтын қуатты, болашағы жарқын мемлекетке, ал Тұңғыш Президентіміз елін сүйген, елі сүйген Елбасыға айналды.
Біз, тараздықтар Елбасы-мыздың тікелей қолдауымен шаһарымыздың тарихи аты қайтарылғанын және көне қаламыздың 2000 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында тойланғанын мақтанышпен әрі ризашылық сезіммен айтамыз.
Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, жақсылық пен қажымас қайрат тілеймін!
Еліміз аман, аспанымыз ашық болсын!
Қазақстанның жұлдызы жарқырай берсін!

Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ,
Тараз қаласының әкімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.