Жамбылская областная общественно-политическая газета

Мейрамдағы мәртебелі марапат

0 32

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ел дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азамат «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл жоғары мемлекеттік награда – өз ісіне адал еңбек етіп, қоғам игілігі жолында қыз-мет етіп жүрген тұлғалардың еңбегіне берілген лайықты бағасы.

Кенжебек Олжабай,
Тараз қалалық мәслихатының төрағасы

Марапат алған азаматтардың көшін Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай бастап тұр. Кенжебек Мамашбайұлы – мемлекеттік қызметте мол тәжірибе жинақтаған, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген басшы. Ол – халықпен тығыз байланыс орнатып, өзекті мәселелердің шешімін табудағы белсенділігімен танымал тұлға. Тәжірибелі ұйымдастырушысы ретінде оның еңбегі өңірдің даму тарихында айрықша орын алады.

Эльмира Мырза-Ғали,
«Анаға тағзым» облыстық отбасылық даму әлеуметтік
орталығының директоры

Марапат иелерінің қатарында журналистиканың білікті өкілі, қалалық «Jambyl-Taraz» газетін 15 жыл басқарған, қазірде «Анаға тағзым» облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали да бар. Еңбек жолы мұғалімдіктен басталған Эльмира Иниятқызының қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуы, қалалық мәслихаттағы депутаттық қызметі оның ел алдында беделді әрі жауапкершілігі жоғары тұлға екенін айқын көрсетеді.

Гулам Умаров,
Жамбыл облыстық
қан орталығының директоры

Медицина саласының білікті маманы, Жамбыл облыстық қан орталығының директоры Гулам Умаров та бұл марапатқа лайық деп танылды. Оның еңбек жолы қарапайым санитар қызметінен бастап, білікті хирург дәрежесіне дейін көтерілген. Қазіргі таңда өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыруға өз үлесін қосып қана қоймай, қоғамдық-саяси жұмыстарға белсенді араласып, облыстық мәслихат депутаты ретінде халық сенімін ақтап келеді.

Зере ҚУАНЫШ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.