Қалалық қоғамдық-саяси газет

Маминнің кеңсесі 167 млн теңгеге көліктер сатып алмақ

0 466

Соңғы кездері ерінбегеннің бәрі сынап жүрген Премьер-министр Асқар Маминнің кеңсесі мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «167 млн теңгеге көліктер сатып аламыз» деп жар салып, лот жариялады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

«Тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңсесі. Атауы: транспорт бойынша қызмет көрсету, қызметтік автотранспорт; қосымша мінездеме – Нұр-Сұлтан қаласы бойынша автотранспорт қызметі; жоспарлы сома – 166 964 285, 71 теңге», – делінген лотта.

Конкурсөа қатысуға алдын ала өтінім қабылдау 27 қазанда басталған, енді 17 қарашаға дейін жалғасады.

Үкіметтегі жекелеген шенеуніктерді таситын саны 11-ден кем емес көліктердің шығарылған жылы 2009-дан бері, двигателінің қуаты – 2300 см3, шанағы седан болуы шарт.

Қонақтарды таситын 14 көлік пен үкімет қызметкерлеріне арналған 3 көліктің де шарттары бар.

Қысқасы, «қашақ» Мамин онсыз да қиын-қыстау кезде Сіз бен біздің салығымыздан жиналған 167 млн бюджет теңгесіне қолынан көп ештеңе келмейтін қызметкерлеріне жайлы көлік сатып алып бермек…

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.