Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қоқысқа тастай салуға сәл-ақ қалған»: Әйел өз үйінен 2,7 миллион доллар тұратын асыл тас тауып алған

0 621

Англия азаматшасы үйін тазалап жүріп, бір фунттік сақа көлеміндей жылтырап тұрған дөңгелек тасты тауып алған. Зергерге апарып көрсетсе әлгі тас 2,7 миллион доллар тұратын бриллиант болып шыққан, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме беріп.

Әйел тауып алған затын әшекей шығар деп қоқысқа лақтырып тастамақ болады. Алайда көршісінің кеңесі бойынша, оны зергерге апарып көрсетуді шешеді.

“Бізге бір қап әшекейлері бар әйел келді, ол қалада жұмыстарымен жүріп, жол-жөнекей бізге соғып кетуді шешкен екен”, – дейді Featonby’s Auctioneers аукцион үйінің қызметкері Марк Лейн сол күнді еске алып.

“Бір фунттан үлкен болатын тас еді. Бастапқыда бұл фианит, синтетикалық алмаздың баламасы екен деп ойладым. Үстелімнің үстінде бірнеше күн тұрды, содан соң мен аспаптарыммен бриллиантты тексермек болдым. Кейін біз оны Лондондағы серіктестерімізге жібердік, ол жақта сарапшылар тастың 34 каратты бриллиант екенін анықтады”, – дейді ол.

Гауһартасты каратпен өлшеу тастың көлеміне байланысты. Неғұрлым ауыр болған сайын бриллианттар құны да өсе түседі.

Аукционшы Марк Лейн асыл тас бағаланғаннан кейін қатты таңғалғанын айтады. Оның айтуынша, бұл оның қолында болған ең қымбат гауһар.

«Түсі, мөлдірлігі, өлшемі, салмағы 34 карат болатын гауһарды табу басқа сыймайтын нәрсе», –дейді ол.

Маманның сөзіне қарағанда, әйел бұл бриллианттың өзінде қалай пайда болғанын білмейді.

“Ол сауда орындарына көп баратын, ол жақта әртүрлі нәрсе сатып алатын. Бұл тастың бриллиант екені үш ұйықтаса да түсіне кірмеген”, – дейді Марк Лейн.

Қымбат тасты Лондонда 30 қарашада аукционға қояды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.