Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі біліктілігімен өлшенеді

0 351

ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Олай болса, мектептегі білім беру ісі ғылыммен тығыз байланысты болып, жаңа дәуір жаңалықтармен суарылып отыруы тиіс.

Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс.
Бүгінгі таңдағы білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, дүние-танымы жоғары, білімдік бәсекеге қабілетті жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Қазіргі заман мұғалімінің міндеті – ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзыретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. Мұғалім білімді, шығармашыл болған сайын оның құзыреттілік аясы да соншалықты кеңейе бермек.
Оқушының құзырлылығын қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі бір құзырлыққа жетуі керек. Бүгінгі таңда мұғалімге қойылатын талап та күшті.
Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогты атаймыз. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оның мықты, терең білімі мен ағартушылық ұсталығымен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Осы орайда, педагогикалық құзыреттілікті қалыптастырудың шарттарына тоқтала кетуді жөн көрдім.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың шарттары:
1. Әдістемелік құзыреттілік – оқытудың әртүрлі әдістерімен қарулану, дидактикалық әдістерді білу, оларды оқыту процесінде білім мен іскерлікті меңгерту үшін қолдана білу;
2. Зерттеушілік құзыреттілік – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы туралы жаңа білімді жасау үшін педагогикалық құбылысты, актілерді оқып үйренудің ғылыми әдістерімен қарулану;
3. Басқарушылық құзыреттілік – өз қызметі мен оқушы қызметін басқару тәсілімен, әдісімен қарулану;
4. Ақпараттық құзыреттілік – қазіргі ақпараттық технологиямен қарулану, қажеттісін пайдалану;
5. Коммуникативтік құзыреттілік – өзінің кәсібилігін үздіксіз жетілдіру, жеке және қоғамдық өмірді дамыту.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі оның терең білімінен оқытушылық ұсталығымен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілі-гі бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің тірегі болмақ. Кәсіби құзыреттілік бір нәрсе жайлы беделді ой, кесімді пікір білдіруге мүмкіндік беретін білімділердің сипаттамасы ретінде қарастырылады. Ендеше, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізгі шарттары төмендегідей болмақ.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің басты қағидаттары:
1.Тұлғааралық және қызметтегі байланыс;
2.Еңбектің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі;
3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы;
4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті;
5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі;
6.Тиімді шешім қабылдау қабілеті.
Қоғамымыздың болашағы, дұрыс бағытта дамуы жас ұрпақтың іс-әрекетіне, тәлім-тәрбиесіне, сана-сезіміне, дүниетанымына тікелей байланысты. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі мен білімі мәселесі – егеменді еліміздің болашағын айқындайтын ең маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті шешу педагогтардың кәсіби құзыреттілігінде. Олай болса, қоғам педагогтарға үлкен үміт артып, педагогикалық шеберлікті, үлкен жауапкершілікті, кәсіби құзыреттілікті талап етеді.
Кәсіби құзыреттілік – өз бетінше және жауапты әрекет жасауға мүмкіндік беретін белгілі бір психикалық жағдай, арнайы білімнің болуы, ғылыми-кәсіби дайындығын үнемі жетілдіру, күнделікті іс-әрекетте міндеттерді шешу үшін еңбек субъектісінің кәсіби дайындығы және қабілеті. Ал мұғалімнің кәсіби құзыреттілі-гі – білім беру нәтижесін қамтамасыз ететін шешуші фактор, өз кезегінде, тіпті қоғамның жағдайының сапалы өзгеруіне әсер етеді.
Білімді толық игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуіне, өз ойын ашық және толық айтуға үйрету, ой-өрісін кеңейту – оқытудың ең басты мақсаты. Әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай білім, дағды алатындай етіп оқытуымыз дұрыс.
Жас өркеннің жақсы азамат, білікті тұлға ретінде қалыптасуы мұғалімдердің білімі мен кәсіби шеберлігіне, мемлекет пен халық алдындағы азаматтық парызына деген жауапкершілігіне тікелей қатысты. «Мектептің жүрегі – жақсы мұғалім» деп ұлы даланың дана педагогы Ыбырай Алтынсарин айтқандай, бүкіл мемлекеттің, тұтас ұлттың болашағы – ұстаздардың қолында. Қазіргі заман талабына сай пәнді оқытуда жаңа тақырыптарды оқушылардың өздеріне меңгере алатындай билік беру, ізгілендіру, түрлендіру, тұлғаға бағытталған білім беру ұстанымдары арқылы жүзеге асырылады.
Қай пәннің мұғалімі болмасын, өзінің пәніне деген оқушының қызығушылығын арттыру басты міндеті болып саналады. Білімді әрқашанда жүйелі, құрылымы жағынан мазмұнды етіп беру, әртүрлі әдіс- тәсілдермен түрлендіру әр мұғалімнің өз шеберлігіне байланысты.
Заман талабына сай білім беру – бұл оқушыларды адамгершілік ин-теллектуалдық, мәдени дамудың жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшу болып табылады.
Сондықтан қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады. Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғни экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей апарар жол сол елдің білімінің дамуы болып табылады. Яғни болашақта бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына ену міндеті бәсекеге қабілетті құзыретті маман мойнына жүктелетін абыройлы да жауапты міндет болып отыр.
Қазіргі заман талабына сай білім сапасын арттыру жолында мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастыра отырып, кәсіби дәрежелерін заманауи технологияларға сай көтеріп дамыту – еліміздің білім беру саласындағы басты мақсаты.

Жумакул Бурибаева,
№5 шағын орталықты орта мектебі,
Д.Қонаев ауылы,
Т.Рысқұлов ауданы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.