Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлттық мұраға ұқыпты қарау қажет

0 357

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Ұлттық мұраға ұқыпты қарау» тақырыбында Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, модельер Раушан Ануарбековамен кездесу өтті.

Қазақи салт-дәстүрімізді, ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптеу, атадан балаға мұра етіп қалдыру, ұлттық құндылығымызды жаңғыртуды мақсат тұтқан шараға облыс колледждерінің арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері мен студенттер қатысты.
Шара барысында студенттер «Қазақи нақыштағы киімдерді заманауи стильдеу» тақырыбында пікір алмасса, Раушан Абдуллақызы өзінің тәжірибесімен бөлісіп, болашақ мамандарға пайдалы ақыл-кеңестер берді. Сондай-ақ көпшілік назарына шеберхана меңгерушісі А.Қадырованың «Дала үні», «Калейдоскоп», арнайы пән оқытушысы Г.Абдыкалыкованың «Кербез» атты этностильдегі авторлық киім коллекциялары ұсынылды.
Шара соңында қатысушыларға Алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.

Нұргүл ОРАЗБЕК

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.