Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Өлім жазасына кесілгенін қалаймын»: 30 жерден пышақталған Хайруллинаның анасы экс-күйеу баласына ең қатаң жаза сұрады

0 645

Күйеуі 30 жерден пышақтап, қатігездікпен өлтірген Айнагүл Хайруллинаның анасы бұрынғы күйеу баласына ең қатаң жаза қолдануды сұрады. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Батыс Қазақстанда 30 жастағы Айнагүл Хайруллинаны өлтіру ісі бойынша сот отырысы өтті. Әйелді бұрынғы күйеуі Бауыржан Хайруллин асқан қатігездікпен биыл сәуір айында өлтірген.

«Ол Айнагүл Хайруллинаны жеке меншігім деп санаған. 2021 жылы 19 сәуір күні, шамамен сағат 16:30-да пенжегінің қалтасына пышақ салған Бауыржан Хайруллин бұрынғы әйелінің жұмыс орнына келген. Қылмыстық ниетін болжап білмеген Айнагүл оның артынан шыққан.

Мекеме жанында Хайруллин көңіл толмаушылық білдіріп, қасында ешкім жоқ екенін білген соң, қалтасындағы пышақты шығарып, әйелді жарақаттай бастаған. Асқан қатігездік танытқан. Кейін әйелді жерге құлатып, пышақ жарақатын салуды жалғастырған. Айнагүл Хайруллина өмірі үшін күресіп, пышақтауды доғаруын сұраған. Алайда Хайруллин оған қарамай, әйел ешқандай белгі бермегенде ғана қылмыс орнынан қашып кеткен», – деді мемлекеттік айыптаушы Сәкен Молдашев.

Айта кететін жайт, сарапшылар Айнагүлдің денесінен 30 пышақ жарақатын анықтаған. Ол оқиға орнында көз жұмған. Бауыржан Хайруллиннің әрекеті Қылмыстық кодекстің 99 бабы 2 тармағы («Өте қатігездікпен адам өлтіру») бойынша қаралуда. 

Бауыржан Хайруллиннің өзі сот залында болды. Ол істі алқабилер сотының қарастырғанын қаламады. Ал марқұмның анасы Қатима Кажипанова экс-күйеу баласына ең қатаң жаза сұрап отыр.

«Оның өлім жазасына кесілгенін қалар едім. Өкінішке қарай, бізде ондай жаза жоқ. Сондықтан да соттан оны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраймын. Екі кішкентай бала анасыз қалды», – деп түсіндірді әйел.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.