Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өлген адамның денесін чемоданға салып қойған

0 852

Өзбекстандағы Ташкент облысының Аханғаран ауданында 3 метр терендіктегі жартастан қызыл чемодан табылды, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 қаңтар күні сағат 21:30 шамасында Аханғаран ауданы Гүлабад махалласынан Паркент ауданына апаратын жолға жақын жерде орналасқан 3 метрлік құдық ішінен қызыл чемодан табылған. Ал оның ішінен 30-35 жас шамасындағы азиат әйелдің мәйіті шықты.

Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 97-бабы (қасақана кісі өлтіру) бойынша іс қозғады. Жәбірленушінің аты-жөні анықталды. Тергеуді Ташкент облыстық прокуратурасының қызметкерлері жүргізіп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.