Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?

0 314

2023 жылдың 1 шілдеден бастап күшіне енген Әлеуметтік кодекс адамның бүкіл өмірлік циклін қамтиды. Атап айтқанда, туғаннан кәмелетке толғанға дейінгі әлеуметтік қолдау, еңбекке қабілетті жастағы азаматтарды жұмыспен қамту, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік сақтандыру іс-шаралары, өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек, сондай-ақ жасы ұлғайған шақтағы қолдаулардың барлығы осы бір құжатпен реттеледі.

Әлеуметтік кодекстің талабы – отбасының цифрлық картасын енгізу және азаматтардың қажеттіліктері негізінде проактивті мемлекеттік қызметтерге көшу. Бұл цифрлық платформа әлеуметтік қолдауға, қажетті мемлекеттік қызметтерге мұқтаж адамдардың мұқтаждығын және отбасының әл-ауқатының деңгейін 5 санат бойынша анықтауға мүмкіндік береді.

Отбасының цифрлық картасында азаматтарға әлеуметтік мәртебе мемлекеттік органдардың 77 ақпараттық базасынан алынған деректер негізінде автоматты түрде беріледі. Бұл ретте Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар отбасылар (адамдар) проактивті форматта, яғни қандай да бір өтінішсіз қызметтерді ресімдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бұл платформа азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне қарай мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алу құқықтары туралы «электрондық хабарлама» ретінде қызмет етеді. Мемлекеттік қызметтерді алуға құқығы бар отбасылар кепілдіктер немесе көмек алуға әлеуетті үміткер екенін көрсете отырып, SMS хабарлама алады. Хабарламада көмекті тағайындауға келісім беруге немесе бас тартуға құқық беріледі. Келісім берілген жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес кепілдік немесе көмек тағайындалады.

Өз кезегінде, цифрлық платформа білім беру, жұмыспен қамту, медицина қызметтерінің қолжетімділігін, тұрғын үймен қамтамасыз етілуін және т.б. бағалайды.

Осыған орай, Отбасының цифрлық картасы шеңберінде Әлеуметтік қызметтер көрсетудің интеграцияланған моделін қалыптастыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде, атап айтқанда.

1) жұмысы жоқ азаматтарды жұмысқа орналастыру шараларымен қамту, еңбек шартынсыз жұмыс істейтін азаматтардың еңбек қатынастарын ресімделуде;

2) ауыл шаруашылығы саласындағы тиісті ақпараттық жүйелерде жеке қосалқы шаруашылықты тіркеу жүргізілуде;

3) басқа мемлекеттерге тұрақты тұруға көшіп кеткен азаматтарды тіркеуден шығару, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу қамтамасыз етілуде;

4) «Мекенжай тіркелімі» АЖ жаңарту, тіркелмеген жер учаскелер тіркелуде;

6) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдардың заң жүзінде ресімделуін, жарналарды міндетті түрде аударуын қамтамасыз етілуде;

7) балаларды мектепке дейінгі, орта және кәсіптік білім берумен қамтылуда

8) берешегі 90 күннен асатын азаматтардың кредиттерін қайта құрылымдауды пысықталуда;

9) отбасыларды өмірлік қиын жағдайдан шығару бойынша отбасын қолдау Орталығы жұмыс атқаруда.

Сол секілді саланы цифрландыруда Электрондық еңбек биржасының маңызы зор. Ол – жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер үшін бірыңғай цифрлық экономикалық жүйенің заманауи және ыңғайлы құралы. Қазіргі уақытта платформада әртүрлі пайдалы платформалар біріктірілген. Атап айтқанда, жұмысқа орналастыру порталы – enbek.kz, онлайн оқыту платформасы – skills.enbek.kz, кәсіпкерлік бастамалардың бірыңғай терезесі – business.enbek.kz, еңбек ресурстары порталы – hr.enbek.kz. Барлық порталдар өзара байланысты, соның арқасында пайдаланушылар бір рет тіркеліп, сайттарға кіре алады. Порталда түйіндемені орналастыруға болады, ал жұмыс берушілер бос жұмыс орны туралы хабарландыруды жариялай алады, әңгімелесуге шақыра алады.

Жұмыссыз ретінде тіркелу үшін онлайн-мүмкіндіктер жан-жақты қамтылған. Порталда тіркелу өтініш беруші ретінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы адам үш күн ішінде автоматты түрде жұмыссыз мәртебесін алады. Содан кейін ол жұмыспен қамтуды қолдау бойынша мемлекеттік шараларды өзі таңдай алады. Жұмыс тәжірибесі жоқ түлектер уақытша жұмыс орындарына жіберілуі мүмкін. Цифрлық жүйе азаматтарды мамандық таңдаған сәттен бастап жұмыс берушімен еңбек шартын ресімдегенге дейін сүйемелдейді.

Цифрландыру азаматтарды жұмысқа орналастыру процесін жеңілдетті. Жеке іс автоматты түрде жасалады. Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі жұмыс берушіге қызметкер, оның білімі және еңбек өтілі туралы толық және сенімді ақпарат алуға көмектеседі.

Ол үшін кәсіпкер-жұмыс беруші кәсіпорын туралы деректерді Enbek.kz порталында тіркейді және растайды. Содан кейін авторизациядан өтіп, «еңбек шарты» батырмасын басады. Қалқымалы терезеде қызметкер туралы ақпарат енгізу қажет. Портал толтыру үшін автоматты түрде элементтерді жасайды. Осыдан кейін жүйе деректерді өңдейді, мемлекеттік органдарда тіркеу туралы ақпаратты сұрайды және қызметкердің жеке ісін цифрлық форматта береді. Содан кейін портал шаблонға сәйкес дайын еңбек шартының макетін жасайды. Қажет болса, оған өзгерістер енгізуге болады. Кәсіпорын өзінің цифрлық құжаттар мұрағаты жүйесінде электрондық еңбек шартын жасай алады.

Сонымен қатар 2020 жылдан бастап мүгедек жандар үшін пилоттық әлеуметтік қызметтер порталы жұмыс жасады. 2021 жылдан бастап порталға толық көшу жүзеге асырылды. Әлеуметтік қызметтер порталы – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ыңғайлылығы мен ұсынылатын қызметтердің және техникалық оңалту құралдарының сапасын жақсарту үшін енгізілген.

Мүмкіндігі шектеулі жандар Жеке оңалту бағдарламасында көрсетілген құрал-жабдықтарын үйден шықпай, электрондық цифрлық қолтаңбасымен https://aleumet.egov.kz порталы арқылы тапсырыс беріп, таңдау жасау мүмкіндігі берілген. Мемлекет тарапынан әр қызметтің кепілдендірілген қаражат көлемі бекітілген.

Порталда құны мемлекет кепілдік берген сомадан асатын техникалық оңалту құралдарын немесе қызметтерді таңдаған жағдайда, қызмет алушы айырманы өз қаражатынан төлейді.

Бұрындары оңалту құралдарын алу үшін арнайы мемлекеттік сатып алу жұмыстары 8 айға дейін жүргізілетін. Бұл өз кезегінде мүгедектердің уақтылы қажетті оңалту құралдарын ала алмағандықтан наразылық тудыратын.

Порталдың енгізілуі нәтижесінде мүгедектің тікелей жеткізушімен өзара байланыс орнатылып, таңдау мүмкіндігі берілген. Қазір Порталға тапсырыс бергеннен бастап үйге жеткізгенге дейінгі уақыт 15 күнді құрайды. Жеткізу қызметі мемлекет есебінен төленеді.

Порталдың тиімділігі мүгедек үшін жеке қажеттілігін өтеу, тауарларды кең көлемде таңдау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау болып отыр.

Порталды пайдалануда ешқандай қиындық жоқ. Бүгінде интернетті, компьютерді пайдаланбайтын адам өте аз. Әрбір мүгедек өзі компьютерді пайдалана алмаса, балалары көмек бере алады. Ол үшін мүгедектің электронды сандық қолтаңбасы (ЭСҚ) болуға тиіс.

Тіпті, интернет және компьютерде жұмыс істей алмайтын мүгедектер үшін бөлімде арнайы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орналасқан. Осы бұрышта мүгедектің электронды цифрлы қолтаңбасы арқылы қызмет алуға әлеуметтік қызметкерлер көмек көрсетеді.

 Бүгінгі таңда мүгедектер тарапынан жеке көмекші қызметі, міндетті гигиеналық құралдар, санаторлық-курорттық емделуге шипажайларды таңдау жүргізілуде.

Тараз қаласы әкімдігінің

жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.